SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Бұл құрылғыда mini-UICC SIM картасын (micro-SI картасы деп
те аталады), адаптер салынған micro-SIM картасын немесе mini-UICC ұясы бар
(суретті қараңыз) SIM картасын пайдаланбаңыз. Шағын SIM картасы қалыпты
SIM картасынан кішірек болады. Бұл құрылғы шағын SIM картасының
пайдаланылуына қолдау көрсетпейді, ал үйлеспейтін SIM картасын қолдану
картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған деректерге нұқсан келтіруі
мүмкін.
Пайдалануды бастау
7
SIM картасы мен оның контактілері тырналғанда немесе бүгілгенде оңай бүлінуі
мүмкін, сондықтан картаны ұстау, салу немесе шығарып алу кезінде абайлаңыз.
1 Артқы қақпақты басыңыз да, телефонның төменгі жағына қарай сырғытып,
оны шығарып алыңыз (1).
2 Батареяны (2) шығарып алыңыз.
3 SIM карта ұстағышын ашып (3), SIM картаның қосылатын бетін төмен қаратып
салыңыз да (4), ұстағышты жабыңыз (5).
4 Батареяны (6) салып, артқы қақпақты (7) жабыңыз.
8
Пайдалануды бастау