Nokia C2 01 - Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат

background image

Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады. BL-5C осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Nokia бұл құрылғы

үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға

арналған: AC-3 . Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әр түрлі болады. Аша нұсқасы

төмендегілердің біреуімен анықталады: E, X, AR, U, A, C, K немесе B.

Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және

күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен

рұқсат етілген батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және осы

құрылғыға арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз.

Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін

зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта қосуды қажет етуі мүмкін. Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде

зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.

Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.

36

Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат

background image

Дұрыстап зарядтау. Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз.

Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау оның қызмет

мерзімін қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.

Шамадан тыс температураларда қалуына жол бермеңіз. Батареяны дайым 15°C мен 25°C (59°F мен 77°F)

температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін

қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін. Батареяның

қызметі қату температурасынан төмен жағдайда ішінара шектеледі.

Қысқа тұйықтап алмаңыз. Қысқа тұйықталу тиын, қағаз қысытрғыш немесе қаламсап сияқты металл нысан батареяның

оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар батареядағы металл

жолақшалары сияқты көрінеді). Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосымша батарея болғанда орын

алуы мүмкін. Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.

Қоқысқа тастау. Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы

органдардың ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық

қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.

Батарея сұйықтының ағуы. Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз,

майыстырмаңыз, теспеңіз немесе майдаламаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда, батареяның сұйықтығын теріге

немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай орын алғанда, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық

көмек алыңыз.

Зақымдау. Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе

оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.

Дұрыс пайдалану. Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз. Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің,

жарылыстың немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін. Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе,

әсіресе қатты жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін

қызмет көрсету орталығына алып барыңыз. Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз.

Батареяңызды кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.